Полицейлер Қарағанды облысының аулаларында қабылдау жүргізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының полицейлері тұрғындардың өтініштерін аулаларда қабылдайтын болады, деп хабарланды облыс әкімдігінің ресми сайтында.
15 және 16 қараша күндері өңірде "Жолдағы қабылдау" және "Аулалардағы қабылдау" атты екі акция өтеді. Бұл биылғы жылы өткізіліп отырған акцияның сегізінші және соңғы кезеңі. Полицейлер тұрғындарға кеңес беріп, құқықтық қолдау көрсететін болады.
Сұрақтарды тек қабылдау жүретін нүктелерге келіп жеке ғана емес, сонымен қатар онлайн режимінде де қоюға болады. Facebook әлеуметтік желісінде policeofkaraganda парақшасында тікелей трансляция ұйымдастырылады. Тікелей байланыс 15 қараша күні сағат 10:00, 14:00 және 16:00, 16 қараша күні сағат 11:00, 15:00 және 17:00 өтеді, - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, телефон бойынша "жедел желі" жұмыс істейтін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сібір театры елордада алғаш рет өнер көрсетеді
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы