Полицейлер банктің мобильдi қосымшасы арқылы алаяқтық жасаған күдіктінi ұстады
Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына 20 жастағы қала тұрғыны жеке шотынан 48.000 мың тенгенің жоғалғандығын айтып шағымданған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 25 жастағы Жамбыл ауданының тұрғыны анықталып, ұсталды.
Күдіктінің айтуынша, ол жәбiрленушiмен бір көлікте келе жатып, ақша аудару барысында оның жеке 4 санды құпия санын көріп алған. Содан кейін азаматтан хабарласып алу үшін ұялы телефонын сұрап, жеке шотына кіріп, ақшасын өз шотына аударып алған.
Жан-жақты анықтау барысында күдіктінiң дәл осындай жолмен Шымкент қаласының тұрғынынан 100.000 мың теңге көлемінде ақша аударып алғандығы белгілі болды.
Жалпы шығын көлемі 148.000 мың теңгені құраған.
Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2- тарамағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.