Полицейлер ауыл тұрғынының жоғалған 10 жылқысын тауып берді

Ордабасы ауданының полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын өзінің 10 бас жылқысын жоғалып кеткендігі туралы айтып, көмек сұраған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Диас Асқар мен учаскелік полиция инспекторы Болат Кенжебеков жедел іздестіру барысында мал иесімен бірге жайылымдарды, егістік алқаптарын, ауыл-аймақтарды толық тексерді. 

Жоғалған жылқылар тәулік ішінде көрші ауылдан табылды. Яғни, 15-20 шақырымдық жерде жайылып жүрген. Тәртіп сақшылары жоғалған жылқыларды өз иесіне табыстады. 

Ауыл тұрғыны полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен жедел іс-әрекеттерінің нәтижесінде табылғанын тілге тиек етіп, шынайы алғысын білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы