Полицейлер Ата заң күнін атап өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының саптық алаңында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай салтанатты жиын өтті. 

Жиында ҚР Мемлекеттік Гимні орындалып, Ту көтерілді. Күзет полициясы басқармасының бастығы полиция полковнигі Батырбек Бахритденұлы қызметкерлерді Конституция күнімен құттықтай келе, бүгінгі таңда қызметкерлерге қай жағынан болмасын барлық жағдай жасалып, үнемі қолдау көрсетіліп келе жатқанын айтты.

Ол осының бәрі Ата Заңның арқасы екенін атап өтті. 

Шара барасында қызметте үздік шыққан қызметкерлер марапатталды.

Атап айқанда, ҚР ІІМ-нің бұйрығымен Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары жетістіктерге қол жеткізгені үшін 3-полиция батальоны командирінің орынбасары полиция майоры Кожанов Нұржан Тұрсынбайұлына Арнаулы «полиция подполковнигі» атағы мерзімінен бұрын; атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары арнаулы «полиция майоры» атағын 1-полиция батальонының взвод командирі полиция капитаны Карин Бахтияр Сарқытбайұлына салтанатты түрде табысталды.

Сонымен қатар, ІІМ-нің алғыс хатымен 16 қызметкер марапатталса, «Мінсіз қызметі үшін» І дәрежелі медалімен Баяхтияр Сарқытбайүлы; ІІ дәрежелі медалімен Табиғат Қуанышұлы, Амангелді Ермағанбетұлы, Самат Ұтжанұлы, Қажыкен Дюсенбайұлы; ІІІ дәрежелі медалімен Еркебұлан Бақытжанұлы, Сауле Амергалиқызы, Саябек Куандыкұлы, Ержігіт Мусілімұлы, Алиасқар Бегимбетұлы марапатталды. 

 Бұған қоса, полицияның қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары жетістікке жеткені үшін Арнаулы «полиция старшинасы» атағы 2-полиция батальонының полицейі полиция аға сержанты Мухангалиева Динара Сәрсенбайқызына берілді. 

Сондай-ақ, қызметкерлер Нұр-Сұлтан қаласы МКҚБ-ның грамотасымен, алғыс хатымен, алғыс жариялаумен марапатталды. Шара соңында полиция қызметкерлері салтанатты шерумен жүріп өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы