Полицейлер алматылықтан психотроп зат салынған 20 бума тәркіледі

Алматы тұрғынынан психотроп зат салынған 20 бума тәркіленді, - деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Полицейлер күдіктіні Алматы қаласы Медеу ауданының жеке секторында ұстаған.

Ол - 19 жастағы К. есімді тұрғын. Тергеу-жедел тобы жеке тінту кезінде шолақ шалбардың қалтасынан оралған байлам тәркіледі, оның ішінде ашық-жасыл түсті ұнтақ заты бар 20 дана көлеміндегі полиэтилен бума болды. Ұсталған адамның айтуынша, бұл - зат синтетикалық "жылдамдық" есірткісі. Криминалистер саусақ пен алақанын, шорты қалталарының кесінділерін, хат-хабарлама және суреттері бар ұялы телефонды тәркіледі. Заттай айғақтар сараптамаға жіберілді, - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Күдіктінің айтуынша, есірткі қоюшы болып жұмыс істегеніне көп болмаған. Оны қоятын орындардың мекенжайын интернет арқылы алған, ал "атқарған жұмысы" үшін ақшалай сыйақыны криптовалютамен алып отырған. Қылмыстық іс соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы