Полицейлер адамдардың дүкеннен шыққанын да аңдып тұрады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін түнгі 00-00-ден бастап, үйден шығуға шектеу қойылады. Оның бәрін полицейлер қадағалайды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев брифингте мәлімдеді.

Кеше мемлекеттік кезекті отырысы өтті. Карантин шараларын күшейту бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Оның барлығы премьер-министрдің ресми сайтында және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Жақын арада әкімдіктер қосымша түсіндіреді. Мысалы, бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің брифингі жоспарланған. Көптеген сұрақтар көшеде жүру талаптарына байланысты болып отыр. Қоғамдық көлікке, такси, тамақ жеткізу қызметкерлеріне санитарлық талапты қатаң сақтау үшін церкуляр жасалады, – дейді министр.

Оның айтуынша, бүгін түнгі 00-00-ден бастап, үйден шығуға шектеу қойылады. 
Үйден тек азық-түлік, дәрі алуға немесе шұғыл жұмысқа бару үшін ғана шыға аласыз. Сондай-ақ 31 наурыздан бастап, мекемелердің басым көпшілігі жұмысын тоқтатады. Көшеде полиция қызметкерлері қайда бара жатқаңызды сұраса, оған түсіністік танытып, жауап бергеніңіз дұрыс.Жұмысқа шақырғанды растау үшін тікелей басшының немесе кадр бөлімінің телефон нөмірі болған жөн. Азық-түлік дүкені немесе дәріханалар әдетте тұрғын үйге жақын орналасады. Сондықтан  полицей қызметкерлері тұрғындардың қажетті заттарын сатып алып, үйге қайтқанын бақылауы мүмкін. Оған да түсіністік таныту керек, – дейді Дәурен Абаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы