Полицейлер 1500 доза есірткіні сақтаған күдіктіні анықтады
Атыраулық полицейлер 1500 доза есірткі затын сақтаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қала аумағында синтетикалық есірткіні сақтаған деген күдікпен Абай облысының 1998 жылы туған тұрғынын ұстады.
Тәркіленген есірткі затының салмағы 487,75 гр 1500 доза болатын мефедрон екені анықталды. ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екібастұздағы жарылыс: Қаза тапқан жігіттің кім екені анықталды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы