9 Наурыз 2019, 16:29
Полицейлер көпірден секіріп кеткен әйелді құтқарды
Өскемен, BAQ.KZ. 8 наурызда шамамен күндізгі 11-де Өскемен полицейлері қайғылы оқиғаның алдын алды. Өз өміріне балта шаппақ болған әйел Үлбі өзеніне секіріп кеткен. Бұл туралы yk.kz сайты хабарлады.
Өскемен, BAQ.KZ. 8 наурызда шамамен күндізгі 11-де Өскемен полицейлері қайғылы оқиғаның алдын алды - өз өміріне балта шаппақ болған әйел Үлбі өзеніне секіріп кеткен. Бұл туралы yk.kz сайты хабарлады.
Патрульдік рейд шараларын жүргізіп жүрген "Қыран-79" экипажы көпір астындағы айналма жолдан өтіп бара жатқан уақытта Үлбі өзенінен адамды көрген. Өзеннің ағысы қатты, сол себепті құқық қорғау органдарының қызметкерлері адамды ары қарай алып кетпесі үшін көмекке асыққан.
Полиция капитаны Дәурен Оразбаев пен кіші лейтенант Азамат Жылқышиев өз күштерімен есінен айырылған қызды судан алып шықты. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен адамның есін жиюға көмектесіп, полицейлер оны дәрігерлерге тапсырды.
Қазіргі уақытта 32 жастағы қала тұрғыны мұндай қадамға неліктен барғанын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Мамандар қажетті психологиялық көмек көрсетуде.
- Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй аукционға шығарылды 14:33
- Елімізде 13,5 млн тонна астық бастырылды 14:25
- Қазақстанда кітапхана саласын цифрландыратын LABA платформасы іске қосылды 14:10
- Қазақстан статистикасы ЭЫДҰ сарапшыларын таңғалдырды 13:51
- Астанада «ГАЗель» толық өртеніп кетті: Тағы екі көлік зақымданды 13:29
- Математиктер 90 жыл шеше алмаған есепті OpenAI шешті 13:06
- ADCB Kazakhstan қаржыландыру көлемін 3 есе арттырады 12:45