Полицей формасын киген қарақшылар әуежайдан 800 келіге жуық алтын ұрлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияда полицейдің формасын киіп алған қылмыскерлер әуежайдың жүк терминалындағы инкассаторлық фургоннан 750 кг алтынды қолды еткен, деп хабарлады Globo.

Полиция формасын киіп алған қаскөйлер Сан-Паулу қаласының әуежайына федералдық полицияның көлігіне ұқсас 2 машинамен келген.


Олар әуежайдың жүк терминалына кіріп Brink's компаниясының инкассаторлық фургонын тонап, оқиға орнынан із суытқан.

Алдын ала деректер бойынша ұрланған бағалы заттың құны – шамамен 30 млн доллар.


Бразилияның құқыққорғау органдарының мәліметтеріне сүйенсек, қажетті ақпаратты алу үшін қылмыскерлер жүк терминалындағы логистикалық операцияларды жүзеге асыратын адамның отбасын тұтқынға алған көрінеді.

Жергілікті полиция қылмыскерлерді іздеуге кірісіп кетті.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы