Полиция инспекторларының қызмет дайындығы тексерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов патрульдік полиция батальоны, жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің және учаскелік инспекторлардың қызмет атқаруға дайындығын тексеріп, басымдықтарды белгіледі, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Департамент бастығы полицейлердің барлық іс-әрекеттерін тіркейтін бейнетіркегіштердің болу маңыздылығына назар аударып, әрбір патрульдік жасақ өз учаскесінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ ЖКО-ға жол бермеуге жауап беретінін атап өтті.
Сонымен қатар, Атығай Арыстанов жеке құрамды ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында басталып, 13 желтоқсанына дейін жалғасатын «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын сапалы өткізуге бағыттады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ-та қар барысынан коронавирус анықталды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы