Полицейлер жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған алаяқты анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде арызданған. Жәбірленуші азаматтың айтуынша оған бір ауылда тұратын танысы жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 95 мың теңгеге жуық. 

Тәртіп сақшылары аталған жайтты  ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, жедел іздестіру шараларына кіріскен. 

Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысты жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі таңда күдікті азаматтың басқа да оқиғаға қатыстылығын анықтауда. Сотқа дейінге тергеу амалдары жүргізілуде. 

Тергеу барысында анықталғандай күдікті жәбірленуші азаматтың сеніміне кіріп, аз уақыт ішінде жүргізуші куәлігін жасап беретінін айтқан. Содан соң ақшасын алып, бас пайдасына жаратып жіберген. 3 ай бойы алдап, не ақшасын не куәлікті алып бермеген, - деді ТО ПД-нің баспасөз қызметі.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болудың және күмәнді ұсыныс айтатын бейтаныс адамдарға сенбеудің қажеттілігі туралы ескертеді. Егер алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы