Полицейлер экстремистік сипаттағы діни әдебиетті заңсыз әкелудің жолын кесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер экстремистік сипаттағы діни әдебиетті заңсыз әкелудің жолын кесті.
Қырғызстан Республикасының Талас облысының Бақай- Ата ауданында тұратын Қырғыз Республикасының азаматы «Айша бибі» шекаралық бақылау пункті арқылы Жамбыл облысының аумағына Қазақстан Республикасының сот органдарымен тыйым салынған экстремистік мазмұндағы діни әдебиеттерді алып кіруге әрекет жасаған.
Аталған дерекке қатысты Жамбыл облысының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Жамбыл облысының Жамбыл аудандық сотының қаулысымен жоғарыда көрсетілген бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін К. есімді азаматқа 291 700 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.