Полицейлер 21 жастағы алаяқ жігітті ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайрам АПБ-на жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып, арызданып келді. 

Әйелдің айтуынша, өзіне сырттай таныс болып келетін адам «жүргізуші куәлігін алып беремін» деген сылтаумен сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 50 мың теңге ақшасын алып, ізін суытқан. 

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы («алаяқтық») бойынша тіркейді.  

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген жергілікті тұрғын 21 жастағы азаматты ұстады. Полиция қызметкерлері күдіктіні бөлімшеге жеткізіп, тергеу амалдарын жүргізді. Тергеу барысында күдікті азамат өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде, - делінген ақпаратта.

Полиция қызметкерлері алаяқтың құрбаны болмас үшін, бейтаныс адамдармен әңгімелескенде ерекше сақ болуды сұрайды. Егер де алаяқтардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласуды ұмытпаңыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы