18 Мамыр 2024 2024, 06:18 Фото: pixabay.com

Пол Маккартни Британиядағы алғашқы миллиардер музыкант атанды

Қазіргі таңда Пол Маккартнидің байлығы 1 млрд еуроға тең деп бағаланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ The Times басылымына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Пол Маккартнидің байлығы 1 млрд еуроға тең деп бағаланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ The Times басылымына сілтеме жасап.

Бұл шамамаен 1,27 млрд долларды құрайды.

Осылайша, The Beatles-дың негізін қалаушылардың бірі Ұлыбританиядағы алғашқы миллиардер музыкант атанды.

Маккартни Біріккен Әмірліктің ең бай тұрғындарының тізімінде 165-ші орынды иеленген.

Былтыр музыкант Got Back гастрольдік турнесінің арқасында 50 млн еуро (63,3 млн доллар) табыс тапқан. Әртіс турне кезінде 35 концерт бергені анықталды.