«Покер» ұйымдастырған Шымкент тұрғыны сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сотталушы қала орталығы Д. Қонаев көшесі бойынан пәтер жалға алып, көлеңкелі бизнесін дөңгелеткен.

Шымкент қалалық Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, пәтерді жалға алып, оны «покер» ойынханасы еткен тұрғынның заңсыз әрекеті толықтай дәлелденген.

Департамент қызметкерлері жүргізген тексеру шарасы кезінде тұрғынның  «Ойын бизнесі туралы» заңының талаптарын өрескел бұл саладағы қызметпен айналысуға арнаулы лицензия алмай, жоғарыда аталған мекен-жайда заңсыз ойын мекемесін ашып, оны ұстап, ұйымдастырып, жүргізумен айналысқаны анықталды. Айғақ зат ретінде 100 000 теңге ақша қаражаты мемлекет пайдасына тәркіленді. Покер ойынына арналған диллер тасы және 200 дана казино фишкалары жойылды, – деді экономикалық тергеу департаментінің мамандары.

Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының үкімімен тұрғынға 1 жылға бас бостандығын шектеу және 100 сағатқа мәжбүрлі қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Ал заңсыз ұйымдастырылған ойынға келген 8 ойыншының ісі сотта қаралуда. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы