TikTok-та «подписчик» назарын қалай тез аударуға болады? Тиктокер кеңестерімен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдан бастап әлеуметтік желілердің арасында үлкен беделге ие болып келе жатқан – «TikTok» желісі. Жүйе пандемия басталғаннан бері жасөспірімдердің жүрегін жаулап, ермегіне айналып үлгерді.

Tik-Tok - бүгінгі таңда аудитория жинаудың ең тиімді жолы ретінде қарастырылады. Бірақ әрбір заттың екі ұшы болады. Оның пайдасы мен зиянды жақтары бар ма? Қалың көрермендерді бір ғана видео салу арқылы жинап алуға бола ма? Тик-ток алгоритмі қалай жұмыс істейді? Осы және басқа да қызықты сұрақтарға отандық тележурналист, тиктокер Қайырбек Баймырза жауап берді.

Оның айтуынша, желіге екі минуттан көп видео салатын болсақ, қаралым жиналмайды. Сол себепті бар дүниені қысқартып, 45 секунд ішінде қызықты қылып ұсына білу керек.


Подкастты тыңдау

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы