Коронавирус белгілері бар пневмониядан 7 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 781 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 351 адам емделіп шықты.1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 23 543, 268 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 4 901 жетті.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 541 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 49 өскіншек бала бар. Стационарларда 4 786 науқас жатыр. 4 755 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 305 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 56 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы