Пневмония симптомдары бірден байқалмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Пневмонияның алдын алу және емдеу бойынша пульмонологтардың ұсыныстары" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында жоғары санатты пульмонолог, "Астана медицина университеті" ҰАК Жанұялық медицина кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Наталья Латыпова айтты.

Пневмония симптомдары бірден байқалмайды. Негізгі респираторлық түрінің пайда болу кезеңі – 5-7 күн. Аурудың симптомдары қарапайым жөтел, ентігу, ыңғайсыздық, тыныс алудың айқын шектелуі және кеуде тұсындағы ауырсыну болуы мүмкін, - деді Наталья Латыпова. 

Дәрігердің айтуынша, бұл белгілердің айқындылығы өкпенің қаншалықты зақымданғанына байланысты.

Егер бұл симптомдар әрі қарай дамымаса және температура 7 күннен артық сақталмаса, менің ойымша, алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл бірден антибиотик қабылдап, компьютерлік томография жасатуға себеп емес. Егер адам 2-3 күн бойы осы симптомдар пайда болғаннан кейін, екінші қызба пайда болғанын немесе температураның жоғарылауын байқаса, онда бұл өкпе қабынуының белгісі болуы мүмкін. Мұндайда зерттеу жүргізу мен емдеу әдісін ауыстырып, қандай да бір терапияны кеңейту қажет, - деп түсіндірді дәрігер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы