ДДСҰ Қазақстандағы пневмонияға қатысты болжам жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі директоры Майкл Райан Қазақстандағы пневмонияның көбі COVID-19 ауруы болуы мүмкін екенін айтты.
Оның сөзінше, пневмонияның көптеген қоздырғышы болуы мүмкін, бірақ елде коронавирус өршуін ескерсе, олардың көбі COVID-19 ауруы болуы ықтимал.
Ел билігі кейінгі жеті күнде 10 мыңнан астам адамнан COVID-19 анықталғанын айтты. Демек елде коронавирустың өзі қатты өршіп отыр. Біз қазір тестілеуге және оның сапасына көңіл бөліп жатырмыз. Пневмонияға шалдыққандардың тесттері жалған теріс нәтиже көрсетуі мүмкін. Бұл рас болса, пневмонияға шалдыққандардың көбі COVID-19 инфекциясын жұқтырған болуы мүмкін. Бірақ мұны уақыт көрсетеді - деді Райан жұма 10 шілде күні Женевадағы брифингте.