Пияз қайтадан экспорттала ма?

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мен сауда желілерімен сөйлесіп, екі бағаны алып тастауларын сұрадым. Бізде 130 теңге және 300 теңге тұратын пияз бар. «Магнум» желісіндегі кешегі баға (пияз бағасы – ред.) 130-150 теңге, Small-да қымбатырақ – 262 теңге. Бүгінгі таңда Сауда комитетінің мәліметіне сәйкес, пияздың қоры – 68 мың тонна, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол қор жеткілікті болғанымен, пиязды экспортқа шығаруға салынған тыйымның алынбайтынын айтты. 

Әзірге бұл мәселе қарастырылмайды. Пияздың қоры қалыпты деуге болады. Егер солай болса, наурыз бен сәуірге 40 мың тонна керек. Деректер расталса, комитет өкілдері фермерлермен келіссөз жүргізеді. Ықтимал квота енгізу мәселесі сол кезде ғана қаралады, - деді Үкімет басшысының орынбасары. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: uaqyt.kz
Өзгелердің жаңалығы