Пияз бағасы. Министр қазақстандықтарды сабырға шақырды

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде пияз қоры жеткілікті екенін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің сөзіне сенсек, былтыр 1,2 млн тонна пияз жиналды. Оның 1 млн тоннасы Жамбыл облысында өндірілген.

Бізде пиязды тұтыну көлемі – 300 мың тонна. Пиязды экспорттау мүмкіндігіміз бар. Алайда алдымен ішкі нарықтағы сұранысты өтеу керек. Пиязға қатысты жағдай тұрақталды. Бүгінгі таңда 70 мың тонна пияз қоры бар. Оның 30 мың тоннасы Жамбыл облысында, - деді Ербол Қарашөкеев.

Ол Қазақстанда пияз экспортына уақытша тыйым салынғанын еске салды. 

Жамбыл облысында пияздың бір келісі – 200 теңге, ал Астанада 260-300 теңге шамасында. Дүкендерде 300-360 теңге аралығында. Пияздың бағасы бастапқы құнына да байланысты. Баға тұрақталды, жағдай бақылауда. Пиязды экспорттауға уақытша тыйым салынды. Қысқасы, пиязсыз қалмаймыз, - деді министр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: zh-shugylasy.kz
Өзгелердің жаңалығы