Нью-Йоркте питбуль қазақстандық дипломаттың қызына бас салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Йоркте «питбуль» тұқымдас ит қазақстандық елшінің 4 жасар қызына тарпа бас салды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
БАҚ өкілдерінің айтуынша, 4 жасар қыз беті пен мойын аумағынан жарақат алды. Оқиға Бронкстың солтүстік-батысындағы Норт Ривердейл ауданында болған. Ит қоршалған аумақтан қашып кеткен.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, балаға ота жасалуы керек, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Ит торға қамалды.
ҚР СІМ хабарлағандай, оқиға барысы анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Орал тұрғыны ұшты-күйлі жоғалып кетті
Өзгелердің жаңалығы