Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқандарға 40 млн теңге айыппұл салынды

Ішкі істер министрлігі өткен жылдың 25 желтоқсаны мен 2024 жылдың 3 қаңтары аралығында Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғау бөлімшелері қызметкерлерімен бірлесіп “Пиротехника” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Аталған іс-шара нарықта сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен пиротехникалық бұйымдардың айналымы қағидаларының сақталуына бағытталған.

Іс-шара барысында азаматтық қорғау бөліністері қызметкерлерімен бірлесіп сауда орындарында 4,5 мыңнан астам рейд жүргізілді.

Пиротехникалық бұйымдардың айналымы қағидаларының 900-ден астам бұзушылығы анықталды (2022 жылы 800 дерек).

Барлық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды: оның ішінде 800-ден астамы еркiн сауда жасауға заңнамасымен тыйым салынған тауарларды сатқаны үшін, пиротехниканы пайдалану тәртібін бұзғаны үшін – 32, пиротехниканы сақтау және тасымалдағаны үшін – 4.

Бұзақыларға шамамен соммасы 40 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Іс-шара барысында 12 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехникалық бұйым алынды. Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде жарақат алудың профилактикасына ерекше көңіл бөлінді.

Өкінішке орай, қабылданған шараларға қарамастан, елімізде азаматтар отшашуды пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтамағандықтан күйік алудың 23 фактісі тіркелді, оның ішінде 14 бала бар.

Мысалы, Ақтөбе қаласында өткен жылдың 26 желтоқсанында кешке көпқабатты үйдің ауласында 16 жастағы жасөспірім пиротехниканы (жарылғыш) дұрыс пайдаланбағаннан көзіне зақым келген.

Алматы қаласында 1 қаңтар түнгі уақытта Ақжар шағын ауданында пиротехникалық жарылғыштарды қолдану кезінде сақтық шараларын сақтамағаннан 10 жасар баланың беті мен қолы күйіп қалды.

Осыған ұқсас жағдай Өскемен қаласында 1 қаңтарда болды. 13 жасар жасөспірім отшашуды тауып алып жаққан, ол оның қолында жарылған, салдарынан бетін және саусақтары жараланған.

Бұдан басқа ересек адамдар күйік жарақатын алу фактілері де тіркелді. Олар алкогольдік мас күйінде қауіпсіздік шараларын сақтамай, пиротехникалық бұйымдарды қолданған, салдарынан өздері ғана емес жанында кетіп бара жатқан адамдар да жарақат алған
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы