Пилоттық жоба кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында іске асып жатыр – Жұманғарин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Серік Жұманғарин Қостанай облысының тұрғындарымен тұтынушылар санаттары бойынша саралауды алып тастаудың пилоттық жобасы бойынша кездесті.
2022 жылдың 29 маусымында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрғасы Серік Жұманғарин, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Виктор Ионенко, ҚР ИИДМ Құрылысы және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері комитеті басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалқұл және ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің аймақтағы департамент басшысы Ақан Ташпаев Қостанай қаласы мен облыста кездесулер өткізіп, алдағы электр қуатының тұтынушыларының санатына қарай диффенциациялық бөлу туралы пилоттық жобаның күшін жою жайын түсіндірді. Кездесуде қаланың Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, аймақтық «Атамекен» палатасының өкілдері, монополияға қарсы департаментінің Кедергілер жөніндегі Кеңес мүшелері, коммуналдық және энергокәсіпорын мен өзге де қатысушылар бас қосты.
Серік Жұманғарин келтірген ақпаратқа сүйенсек, бүгінде қуат көзімен қамтамасыз ететін ұйымдарда тұтынушылар дифференцияланған, яғни топтарға бөлінген. Олар: тұрмыстық, заңды тұлғалар және бюджеттік ұйымдар. Тұрмыстық тұтынушылар үшін тариф құны төмен. Өйткені заңды және бюджеттік тұтынушылардың тарифін қолдан көтеріп, тұрмыстық тұтынушылар үшін бағаны бір қалыпта ұстап отырмыз. Осының салдарынан ел ішіндегі ШОБ 31 млрд теңгені артығымен төлеуге мәжбүр. Өйткені ШОБ электро қуатын ірі көлемде тұтунушы ретінде қуатты тікелей электростанцияан сатып алады. Ал оларға дифференциация жүрмейді.
Пилоттық жоба кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында іске асып жатыр. Дифференцияланған тариф алдағы бірнеше жылда жойылады. 2022 жылдың 2 наурызында энергетика мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту жайын Президентпен кеңесу барысында осы жұмысты пилоттық режимінде – Алматы, Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында бастау жөнінде тапсырма берілген болатын, – деді Серік Жұманғарин.
Негізі бұған дейін электр қуатымен тек бір монополия компаниясы жеткізіп отырған. Бірақ қазір 36 ұйым осындай қызмет көрсетеді. Әрқайсысы жеке- жеке аймаққа жауапты. Сондықтан тұтынушы бүгінде бір ғана ұйымға тәуелді. Дегенмен қазір заң жүзінде электр қуатымен қамтамасыз ету еркін бәсекелестік ортаға тапсырылған. Осы 36 ұйымнан бөлек, Қазақстанда өзге 180 электр қуатымен қамтамасыз ететін ұйым бар. Демек, әр аймақта кем дегенде 5 компания деген сөз. Дифференциация – қуат тарататын ескі және жаңа компаниялар арасындағы бәсекелестікке жол бермей, демек, тұтынушылар да қалаған ұйымын таңдай алмайды. Дифференциация арқылы жасырын субсидияға да жол беріліп жатыр. Кім қуат көзін көп жұмсаса, сол көбірек субсидия түрінде қолдау табады деген. Осының кесірінен ең басты әлеуметтік қолдау – нақты және тиістіге көмек берілмей келеді. Нәтижесінде жасырын субсидия тұтынушылар қалтасынан төленеді. Себебі, кәсіпкерлер қуат көзіне шығындарын тауарға, жұмысына, қызметіне қосады.
Пилоттық жоба аясында Қостанай облысының тұрғындарының электр қуатының қолданғанына қарай құны өседі. Орташа есеппен 100-200 теңгеге. Ал басқа өңірлерде әлеуметтік осал топтағылар үшін тың тариф түрі енгізілмей, өзгеріссіз қалады. Оларға айырмашылықты мемлекет тұрғын үй көмегі аясында субсидиялайды. Өзге өңірлерде электроэнергияға дифференциация тарифі 2023 жылдан басталады.
Сұлтанғали Жалқұлдың сөзінше, тұрғын үй көмегін Отбасылық карта қолдану арқылы автоматтандырып, болашақта «Е-Шаңырақ» ақпараттық жүйесіне де қосылады.
Тұрғын үй және халықтың коммуналдық шығындарын бақылайтын процесстердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін біз ТҮКШ барлық субъекттерін (табиғи монополиялар, басқарушы және сервистік компаниялар) «Е-Шаңырақ» бірыңғай цифрлық экожүйеге қосамыз, - деді ол.
Кездесуге қатысқандар тақырыпты талқылап, сұрақтарын қойды. Жиында тарифті қайта қарамас бұрын ШОБ арасында тауар, жұмысы мен қызмет құнының төмендетуі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу керектігі айтылды.