Пилотсыз ұшатын аппараттарға қатысты жаңа қаулы шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құжат ҚР Премьер-министрінің ресми сайтында жарияланды.

Қаулының бұрынғы нұсқасынан айырмашылығы – пилотсыз ұшатын аппараттың қозғалысы кезінде сақталатын арақашықтыққа қойылатын талаптар өзгерген.

82-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, – делінген қаулыда.

Сонымен пилотсыз ұшатын аппараттарының ұшуы:

1) G сыныбындағы әуе кеңістігі шекарасы шегінде метеорологиялық минимумды сақтау (көлденеңінен кемінде 1500 метр көріну және тігінен кемінде 300 метр бұлттың төменгі шекарасы) шартымен;

2) бақыланатын әуе кеңістігінде әуе қозғалысын басқару орталықтарының қысқа мерзімді шектеулерді енгізу шартымен орындалады. Қысқа мерзімді шектеулер 50 метр биіктікке дейін жер бедерінен созылып жатқан әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуын қамтамасыз ету үшін белгіленбейді;

3) диспетчерлік аймақта – жауапкершілік аймағында осындай әуеайлақ орналасқан және әуе қозғалысын басқару орталығы қысқа мерзімді шектеу енгізген жағдайда, әуе қозғалысына қызмет көрсету органымен келісілгеннен кейін барлық биіктікте орындалатын пилотсыз ұшу аппараттарының авиациялық жұмыстарды және демонстрациялық ұшуды орындауын (аэрошоу) қоспағанда, жер бетінен 50 метр биіктікке дейін жайылған және әуеайлақ қоршауынан немесе шекараны көрсететін таңбаланған белгілерден 5,5 км алыс орналасқан әуе кеңістігінде орындалады.

Қаулының бұрынғы редакциясындағы 82-3, 82-4 және 82-5-тармақтар алынып тасталатыны да айтылған. Бұл тармақтарда пилотсыз ұшатын аппаратты қолдану кезінде оны тізгіндеген тұлғаның басқа адамдардан қанша аралық сақтау қажеттігі көрсетілген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы