Пикассоның тоғыз жыл бұрын ұрланған картинасы табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грекия полициясы осыдан 9 жыл бұрын ұлттық галереядан ұрланған Пабло Пикассоның картинасын тапты, деп жазды Хабар24.
Тәртіп сақшылары оны Кератея қаласынан анықтаған. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, күдікті де қолға түсіпті.
Айта кетейік, «Әйелдің басы» деп аталатын туындыны испан суретшісі сонау 1939 жылы салған. Оны атақты қылқалам шебері «Грек халқының Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі фашистік басқыншылыққа батыл қарсылығы үшін» Афины мұражайына сыйға тартады.
Алайда 2012 жылы аталған картина тағы екі құнды экспонатпен бірге ұрланады. Сөйтіп бұл қылмыс «ғасыр ұрлығы» деген атпен белгілі болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы