Пхукеттен Ресейге ұшқан ұшақ Қытайда шұғыл қонды
Azur Air әуе компаниясының Пхукет – Барнаул бағыты бойынша ұшқан рейсі Қытайдың Ланьчжоу әуежайына жоспардан тыс қонуға рұқсат сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ресейдің мемлекеттік БАҚ-тары мәлімдеді.
ZF-2998 рейсі Ланьчжоу әуежайына (Қытай) жоспардан тыс қонуға дайындалуда. Әуе компаниясының қызметтері жағдайды бақылауда ұстап отыр, қосымша ақпарат күтілуде, – делінген хабарламада.
Әуе компаниясы жағдайдың себебі анықталған бойда рейстің мәртебесі жаңартылатынын атап өтті.
Мәліметке сәйкес, Boeing 757 ұшағы Қытай әуе кеңістігінде апаттық сигнал берген. Ұшақ бортында 238 жолаушы бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Перуашев: Салық кодексіне ұсыныстарымызды қайта пысықтаймыз
Келесі жаңалық
Бірқатар өңірде жол қозғалысына шектеу енгізіледі
Өзгелердің жаңалығы