Пхукет-Алматы бағытындағы әуе рейсіндегі екі жолаушындан есірткі табылды

Тексеру барысында олардан «гашиш», «кептірілген марихуана» есірткі құралдары және синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Пхукет-Алматы бағытындағы Алматы және Көкшетау қалаларының 26 жастағы тұрғындарын анықтап, ұстады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде қызметтік-іздестіру иті жолаушыларда есірткі заты бар екендігіне белгі көрсетті. Тексеру барысында олардан «гашиш», «кептірілген марихуана» есірткі құралдары және синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді. Ұсталғандар өз әрекеттерінің заңсыз екендігін біле тұра, Таиландта демалыс кезінде есірткі сатып алып, жеке тұтыну үшін сөмкелерінде сақтаған. Аталған фактілер бойынша көлік полицейлері өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен заңсыз жұмыс және айналыстан алып қойылған заттардың контрабандасы үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізді, - деді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімдеріне сәйкес Көкшетау қ. тұрғынына 1 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалса, Алматы қ. тұрғынына 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kaztag.info
Өзгелердің жаңалығы