Pfizer вакцинасының бағасы 50 000 теңге деген рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Pfizer/BioNTech өндірген вакцинамен егілуге ниет білдірген қазақстандықтар үшін оның бағасы 50 000 теңгені құрайтыны туралы ақпарат таратуда. Бұл - жалған.

Хабарлама авторы вакцинаның бағасын № 4 Алматы қалалық емханадан білген екен. Алайда емхананың өзінде бұл ақпаратты жалған деп атады.

Бүгінде 4 қалалық емханада Pfizer компаниясының вакцинасын ақылы түрде алғысы келетіндер үшін алдын ала жазылу жүргізіліп жатыр. Вакцинаның құны әлі белгісіз. №4 қалалық емхана дәрігерлеріне вакцинация құны туралы нұсқау берілген жоқ, – деп хабарлады мекемедегілер.

Сондай-ақ, олар 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер Pfizer/BioNTech препаратымен тегін алады.


Демек 50 000 теңге тұратын вакцинаның құны туралы ақпарат фейк. Бүгінгі таңда оның вағасы әлі жарияланған жоқ.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы