Pfizer вакцинасы қалай салынады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы «Жанұя» емханасында Pfizer вакцинасын егу науқаны басталды. Көпшілік ұзақ күткен тегін америкалық екпені алу жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдерге салынуда.
Еліміздің бас қаласы бойынша Pfizer-мен қамтылу тобына жататын 5 мың жүкті әйел, 28 мың бала емізетін ана мен 63 мың жасөспірім бар.
Елорда бойынша бір тәулік ішінде Pfizer-ді 339 адам алып үлгерген. Оның ішінде 14 жүкті әйел, 133 – бала емізетін ана және 192 жасөспірім.
Бүгін ел Үкіметі америкалық вакцинаның коммерциялық нарыққа жеткізілетінін хабарлады. Алдағы уақытта қалаған адам ақысын төлеп, Pfizer-ді салдыра алады деген сөз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Сотталмады» деген анықтама талап етеді. Қоғам белсендісі Алтын алқа наградасы туралы айтты
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы