Pfizer вакцинасы 12 жасқа толмаған балаларға салынуы мүмкін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, Pfizer вакцинасын жеткізу биыл төртінші тоқсанға жоспарланып отырған көрінеді.

 

Жеткізу мерзімі компаниямен келісілген соң нақты күнді айтатын боламыз. Халықтың тиіті вакцинациялануына, соның ішінде, жас ерекшелік тобына келер болсақ, біріншіден, қазіргі сәтте елімізге берілген Pfizer компаниясының тіркеу куәлігі мен нұсқаулығында 12 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер деп көрсетілген. Олар Pfizer компаниясының вакцинасын ала алады және бұл тек ерікті түрде, ата-анасының келісімімен ғана салынады, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

 

Сонымен қатар ол балалардың вакцинациялануы тиіс жас ерекшеліктік тобының өзгеру ықтималдығына қатысты пікірін білдірді.

 

Жас ерекшелігінің өзгеруіне қатысты айтар болсақ, зерттеу деректерін клиникалық сынақтар өткізілген мемлекеттердің реттеуіштері бекіткен соң біз ресми нұсқаулыққа қол жеткіземіз. Бәлкім, аталған тәсілдерді біз де қарастырып көрерміз. Дәл қазіргі сәтте тіркеу куәлігіне сәйкес 12 жастан асқан балаларға ғана вакцина салуға рұқсат бар, - деді Алексей Цой.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін министр елімізде неліктен той өткізуге рұқсат берілгендігі туралы айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы