+11

Pfizer елімізде не шығарады?

Pfizer елімізде не шығарады?

Сыртқы істер министрлігі инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Себешов ел нарығына америкалық және швейцариялық компаниялар келетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бүгін бизнес-форум аясында 28 құжатқа қол қойылады. Оның жалпы сомасы – 1,8 млрд доллар.

Біз жылда превенар-13 деген менингогокқа қарсы вакцинаны шетелден сатып алатынбыз. Бүгін Pfizer компаниясымен қол қойылатын құжаттарға сәйкес, олар әрі қарай біздің елде шығаратын болады. Превенар-13 деген вакцинаның артынан қазір жаңа превинар-20 деген жаңа вакцина шығады. Бүгін қол қойылған құжат аясында жаңа вакцинаға да қол жеткізгелі отырмыз. Pfizer-мен қатар, швейцариялық «Рош» компаниясымен де келісімге қол қойылады. Ол да фармацевтика саласындағы белгілі компания. Олардың медициналық препараттары елде шығады, – деді Себешов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы