Петропавлдық қоғам белсенділері онлайн рәсімделетін несиелерге тыйым салуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Юрий ЛИ Петропавлда Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Басқосуда қаржылық пирамидалар мен алаяқтыққа тосқауыл қоюдың тетіктері талқыланды. Қоғам белсенділері несиені онлайн форматта рәсімдеуді заң арқылы тыйым салуды ұсынды.
Жыл сайын Қазақстанда миллиондаған адам алаяқтардың құрбаны болады. Жан-жақты ақпараттындыру жүріп жатқанымен, жағымсыз статистика кемімей келеді. Өйткені алаяқтар оңай олжа табу жолдарын үнемі өзгертіп отырады.
Өткен жылы қаржы пирамидаларының алдын алу және оларды жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу туралы заң жобасы қолға алынды. Республика бойынша кейстер бар, онда 17-20 мың азамат бір мезетте пирамидаға түсіп, өз жинақтарын жоғалтады. Президент құжатқа қол қойды. Жақын арада ол күшіне енеді. ТМД - да Қазақстан қаржы пирамидасы жарнамасы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізген алғашқы мемлекеттердің бірі болады, - дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Ли.
Жиынға қатысшулыар алаяқтықтың алдын алуға еріктілер жұмылдырылып отырғанын тілге тиек етті. Қаржылық пирамидалардың тізімі жасалуда.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көбіне егде жастағы адамдар алаяқтардың арбауына түсіп қалып жатады. Оларды қорғау – баршаға ортақ міндет. Бұл іске еріктілердің қосылып отырғаны қуантады, - дейді ҚХА СҚОФ төрағасының орынбасары Владимир Витченко.
Жергілікті Ассамблея мүшелері онлайн несиелерге тыйым салуды ұсынады. Олардың пікірінше бұл – интернеттегі алаяқтықты түбегейлі жояды. Ұсыныс нұсқа мәжілісте қаралмақ.