30 Қаңтар 2025 2025, 17:18 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Петропавлдық өрт сөндірушілер көліктегі жалынды 15 минутта сөндірді

Бұл туралы ТЖМ Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ТЖМ Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін 112 пультіне Әуезов көшесіндегі ТҚКС аумағында жеңіл автокөліктің жануы туралы хабарлама келіп түсті. 

Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында өрт небәрі 15 минутта толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда. 

Төтенше жағдайлар кезінде дереу 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.