Петропавлдық оқушылар қашықтан "Мәңгілік полк" акциясын ұйымдастырды
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары "Мәңгілік полк" акциясын ұйымдастырды. Жастар өздерінің ардагер аталары жайында бейнеролктер әзірлеп, әлеуметтік желілерде жариялады.
Акцияға белсене қатысқан оқушылардың бірі Аяжан Қазбекова. Оның анасының атасы Қажымұрат Рамазанов 1943-45 жылдар аралығында артиллериялық полк құрамында шайқасқан. Бойжеткен майдангер бабасы жайында мақтанышпен айтады.
Менің анамның атасы 70 жасында қайтыс болған. Өкінішке қарай, анам да ол кісіні көрмеген. Бірақ мен өзімнің майдангер нағашымның ерлігін мақтан тұтамын. Үйде суреттері бар. Оларды көздің қарашығындай сақтаймыз. Атам "Ерлігі үшін" және "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марпатталған. Біздің міндетіміз – олардың рухына тағзым етіп, мәңгілікке жадымызда сақтау. Акцияға қатысу барысында мен атам туралы деректер жинадым. Соның арқасында өз білімімді толықтырдым, - дейді 11-сынып оқушысы.
Ұйымдастырушылар Зияткерлік мектепте "Мәңгілік полк" акциясы жыл сайын ұйымдастырылатындығын атап өтті. Биыл төтенше жағдай жариялануына байланысты дәстүрлі шараны қашықтан өткізу ұйғарылыпты.
Біз жыл сайын Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Петропавл қаласында тұратын ардагер Қожатай Некібаевтің үйіне барып, құттықтаймыз. Майденгердің мазмұнды әңгімесінен оқушылар баға жетпес рухани мұра алып қайтады. Уақыт сырғыған сайын көнекөз қарияларымыз азайып барады. Олардың көзі тірісінде бағалағанымыз, құрметтегеніміз абзал. Мектеп еріктілері "Жүректен жүрекке" қабырға газетін ұйымдастырады. Онда кез келген оқушы, мұғалім өздерінің майдангер аталары жайында ақпарат пен фотосуреттер орналастыра алады. Бүгінгі ұрпақ сұрапыл соғыстың не екенін біліп, бейбіт күннің бағасын ұғынуы қажет. Сол мақсатта түрлі тәрбиеік мәні зор шараларды ұйымдастырып тұрамыз, - дейді педагог-куратор Алтынай Оспанова.
Мамыр айының басында қолға алынған акция 10 күн бойы жалғасады. Оқушылар әлеуметтік желілердегі парақшаларға өздерің ардагер аталарының фотосуреттері мен деректер, бейнероликтер жариялауды жалғастыруда. Акцияның қорытындысы 10-шы мамырда шығарылмақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жеңіс - 75: Түркістаннан 18 547 азамат соғысқа аттанған
Келесі жаңалық
Үш күн ішінде ұрланған 900-ден астам мал иелеріне қайтарылды
Өзгелердің жаңалығы