Петропавлдық мұғалім Қазақстан тарихынан мобильді қосымша жасады

Смартфон бағдарламасында тарих пәніне қатысты 5 мыңға жуық тест сұрағы бар, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Олар ойын түрінде де беріледі. Сергей Никулиннің айтуынша, бұл оқушылардың түрлі емтиханға дайындалуына септігін тигізіп қана қоймай, ойлау қабілетін арттырады. Қазіргі таңда бұл қосымшаны 10 мыңнан аса адам жүктеп алған. 

Мектеп мұғалімі ұлттық біріңғай тестілеуге де әдістемелік құралдар жазған. Енді қағаз бетіндегі еңбегін ұялы телефонға енгізді. 

Оқушыларымның бірі тарихтан нашар еді. Бірақ информатикаға жүйрік болды. Бұл ретте оған осындай ойымды айттым. Мен сұрақтарын дайындасам, ол мобильді қосымшаның өзін жасап шығарды. Кейін оны кең қолданысқа енгіздік, - дейді тарих пәнінің мұғалімі Сергей Никулин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы