Петропавлдағы ТЖ. Жоғалған әйелді іздеуге астаналық құтқарушылар көмектесіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлдағы жылу-электр орталығындағы апат салдарынан опырылып түскен мұржа үйіндісі тазартылып жатыр. Алайда жұмысшы әйел әлі табылған жоқ деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
Рамиль Камаловтың айтуынша, төтенше жағдайлар министрлігінің нұсқауымен Петропавлға қосымша Нұр-Сұлтан қаласынан құтқарушылар келеді.
Әзірге өз күшімен үйінді орнында іздестіру жұмыстарын атқарып жатыр. Жоғалған жұмысшы – 1984 жылы туған әйел. Жылу орталығында машинист-қараушы болып жұмыс істеген. Күйеуі де сонда еңбек етеді. 15 жасар баласы бар. «Қазір апат орнында 15-20 адамнан құралған топтар жұмыс істеп жатыр. Олар сағат сайын ауысып отырады. Қазір іздестіру жұмыстарына 60 шақты адам тартылған. Эпицентр 1300 шаршы метрді алып жатыр. Ал машинист отырған бөлме 50 шаршы метрді алған. Жұмысшыға қатысты үмітімізді үзбейміз, аман табылуы мүмкін, - деді Рамиль Камалов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытайда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы