Петропавлдағы ТЖ. Қаза болған әйелдің отбасына қаржылай көмек көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлдағы ЖЭО апат салдарынан қайтыс болған жұмысшы әйелдің отбасына кәсіпорын бес жылдық еңбекақы мөлшерінде қаржылай көмек көрсетеді. 

Бұл туралы «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

 «Севказэнерго» АҚ басшылығы мен ұжымы Петропавл ЖЭО-да қаза тапқан Наталья Чефонованың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.  Кәсіпорын басшылығы орны толмас қазаның ауырлығын түсіне отырып, марқұмның отбасына жан-жақты, атап айтқанда, тұрғын үй жағдайын жақсарту, отбасына қаза болған қызметкердің бес жылдық еңбекақысы мөлшерінде өтемақы төлеу түрінде көмек көрсетеді, - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ машинист Наталья Чефонованың баласының білім алуға кеткен шығыны өтеледі. Жерлеуді ұйымдастырумен байланысты барлық шығынды да жұмыс беруші өз мойнына алып отыр. 

Еске сала кетейік, 20 наурыз күні Петропавлдағы екінші жылу орталығының түтін мұржасы құлаған болатын. Кеше үйінді астынан жұмысшы әйелдің денесі табылды.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы