Бүгiн 2026, 05:48
Фото: скрин
Петропавлдағы қоймада өрт шықты
Өрт 50 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
Петропавл қаласында жекеменшік мекемелердің біріне тиесілі қойма ғимаратында өндірістік жабдық өртенді.
Қатты жану салдарынан өрт шатырға тарай бастағандықтан, оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жоғары шақыру дәрежесі бойынша жұмылдырылды.
Өрт 50 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Құтқарушылар тілсіз жаудың одан әрі жайылуына жол бермеді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.