Петропавлдағы көшелер жаңа келбетке ие болады
"Таза Қазақстан" концепциясы аясында Солтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан Конституциясы көшесін ауқымды жаңғырту жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталуға жақын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық әкімдіктің мәліметіне сәйкес, ауқымды жұмыстар мамыр айында басталған болатын. Осы уақыт ішінде қаланың басты көшесі жаңа кейіпке еніп келеді. Бүгінгі таңда Астана көшесінен Парковая көшесіне дейін 31 000 шаршы метр тас төселіп, инженерлік коммуникациялар мен көше жарықтандыру жүйесі толық өзгертілді.
Жаңғырту жұмыстарына көшенің бойында орналасқан кәсіпкерлер де белсенді түрде қатысуда.
Мейрамханалар, жазғы террассалар, сауда нүктелері және басқа да коммерциялық нысандар ғимараттардың қасбеттері мен маңдайшаларын жаңартып, көше келбетінің бірыңғай сәулеттік стилін сақтауға үлес қосып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлері марапатталды
Өзгелердің жаңалығы