Петропавлда зираттан жүз тонна қоқыс шығарылды

Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Петропавл қаласының маңында орналасқан екі зират бар. Коммуналдық қызмет өкілдері көктемгі тазалық жұмыстары барысында екі зират аумағынан 100 тонна қоқыс шығарған.

Аталған нысанның ластанып кеткендігі соншалық, әкімдік өкілдері санитарлық жұмыстарды жүзеге асыру үшін арнайы компанияның қызметіне жүгінген.

Петропавл қалалық әкімдігі қар еріп, жер құрғаған сәтте-ақ тазалық шараларына кіріскен. Коммуналдық қызмет өкілдері атап өткеніндей, зират аумағын шаһар тұрғындары өздері ластайды.

Зират – марқұмдарды жерлейтін орын. Оның ластануына жол беруге болмайды. Қалалық әкімдік сәуір айының басынан тазалық шараларына кірісті. Ол әлі жалғасуда. 4 жүк көлігі мен бір жүктиегіш трактор жұмыс істеп жатыр. Шаһар тұрғындарын айналаны
ластамай, таза ұсауға шақырамын. Маңайды ластау – экологияға да зиянын тигізеді. Әрі мұндай аумақтарда өрттің туындау қаупі жоғарылайды, - дейлі Петропавл қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтолла.
Елена Опрышко үшін зират – киелі жер. Мұнда оның ата-анасы жатыр. Сондықтан үнемі соңынан жинастырып жүретінін айтады.

Зиратта менің әкем мен шешем жерленген. Міндетті түрде жыл сайын екі рет бастарына келіп тұрамын. Туыстарым да жатыр. Сол жердерді тазалап шығамын. Ескірген гүлдерді алып тастап, қоқысқа саламын. Әркім осылай етсе, зират мұндай күйге түспес
еді, - дейді қала тұрғыны.
Биылғы маусынма Петропавл қаласының Новопавловка мен Жұмысшы кенті аудандарында орналасқан екі зиратты тазалауға 15 миллион теңге бөлініп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы