Петропавлда жол ережесін 56 рет бұзған жүргізуші ұсталды
Петропавлда екі аптаның ішінде 56 рет жылдамдықты асырған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ресейлік нөмір таққан көлікті табудың өзі оңай болмаған. Полиция қызметкерлері оны бейнебақылау камералары арқылы қолға түсірді. Қала көшелерінде желдей жүйткіген 29 жастағы жігітке 1 миллион 300 мың теңге айыппұл төлеуге тура келеді. Жалпы «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде қарызын өтемей жүрген бес мыңға жуық адам анықталды.
Сонымен қатар жүргізушінің сақтандыру полисі болмай, үстінен тағы да хаттама толтырылды. Ал көлігі айып тұрағына қойылды. Жалпы жыл басынан бері бейнебақылау камералары арқылы 15 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, - деді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Айбатыр Әміров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Орман өрті: Бұлақ ауылының тұрғындары үйлеріне қайтарылды
Өзгелердің жаңалығы