Петропавлда жол апатынан төрт адам қаза тапты
Солтүстік Қазақстан облысында ірі жол-көлік апаты орын алып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Петропавл қаласының маңындағы Мамлют тас жолында орын алған, деп хабарлайды BAQ.KZ СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияның ресми ақпаратына сәйкес, «Mercedes» және «ГАЗель» маркалы көліктер соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, жеңіл автокөлік қарсы бағытқа шығып кетіп, нәтижесінде қатты соққы мен жарылыс болған.
Жол апатынан төрт адам мерт болды, оның ішінде бір бала бар. Тағы екі адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген, - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қайғылы оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы тергеу нәтижесінде анықталады.
Полиция департаменті тұрғындарды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жүргізушілерге жылдамдықты шектен асырмау, көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылауда ұстау және қозғалысы қарқынды жол учаскелерінде ерекше мұқият болу қажеттігі ескертілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Илон Маск Трампқа импичмент жариялау идеясына қолдау білдірді
Келесі жаңалық
«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлері марапатталды
Өзгелердің жаңалығы