Петропавлда ЖЭО-2 құбырының опырылған сәті видеоға түсіп қалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда ЖЭО-2 құбырының құлаған сәті Қизатов көшесіндегі пәтерлерінің бірінде орнатылған камераға түсіп қалған. Бұл туралы Петропавловск.news хабарлады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, құбырдың құлауының алдын ала себебі - қатты жел.
Еске салайық, құбыр 19 сағат 15 минутта құлады. Осыдан кейін алғашқы 5 жылыту қазандығы тоқтатылды.
Қазіргі уақытта бүкіл қала бойынша пәтерлердегі жылыту батареяларының температурасы төмендеген. Кей жерлерде ыстық су жоқ.
Әзірге зардап шеккендер туралы расталған ақпарат жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Петропавлдағы ТЖ: Апаттың алдын ала себебі анықталды
Өзгелердің жаңалығы