Бүгiн 2026, 01:29
Фото: magnific.com
Ақтөбе облысында бірінші сынып оқушысы белгісіз сұйықтық ішіп, ауруханаға түсті
Дәрігерлердің айтуынша, бала тиісті ем қабылдап, жағдайы тұрақтанғаннан кейін үйіне шығарылған.
Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы мектептердің бірінде бірінші сынып оқушысы сабақ үзілісі кезінде мектеп жертөлесіне түсіп, сол жерден табылған белгісіз сұйықтықты ішіп қойған.
«Диапазон» басылымының жазуынша, оқиғадан кейін балада бензинге ұқсас иіс байқалып, жағдайы нашарлаған. Мұғалімдер дереу ата-анасына хабар берген.
Баланың анасы оны бірден ауруханаға жеткізген. Онда оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, асқазаны жуылған. Кейін ол облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды.
Дәрігерлердің айтуынша, бала тиісті ем қабылдап, жағдайы тұрақтанғаннан кейін үйіне шығарылған.
Облыстық білім басқармасы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылғанын және жағдайдың барлық мән-жайы тексеріліп жатқанын хабарлады.