Петропавлда жасөспірім қыз 12 қабаттан құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл қаласының 17 жастағы тұрғыны өз-өзіне қол жұмсады. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

30 мамыр таңғы бестер шамасында полицияға Жамбыл көшесіндегі үйдің 12-ші қабатынан қыз құлап кеткені туралы ақпарат түскен. 17 жастағы бойжеткен оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы