Петропавлда зарядкадағы телефонның салдарынан үй өртеніп кете жаздады

СҚО өрт сөндірушілері пәтердегі өртті 8 минут ішінде сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бүгін Петропавл қаласының «Орман» шағын ауданында үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде жиһаз жанды. 

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт жедел сөндірілді. Өрттің себебі - ұялы телефон зарядтау құрылғысының қысқа тұйықталуы. ТЖМ электр аспаптарының зарядтау құрылғыларын ұзақ уақытқа бақылаусыз қалдыру қаупі туралы ескертеді, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы