Петропавлда винтовка асынып көшеде жүрген оқушы тұрғындардың зәресін ұшырды
Петропавлда винтовка асынып көшеде жүрген жасөспірім тұрғындардың зәресін ұшырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында полиция бөлімшесіне Петропавл көшелерінде винтовкаға ұқсас қару асынған жасөспірімнің жүргені туралы хабарлама түскен.
Санаулы минуттардан соң оқушыны полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау үшін қолға түсірді.
Тәртіп сақшылары қаруға ұқсас зат асынып, қала көшелерінде жүрген кәмелетке толмаған оқушыны тексерді. Жасөспірімнің сөзінше, ол достарымен ойнау үшін аулаға шыққан. Қолындағы зат – бар болғаны ойыншық винтовка болып шықты.
Полиция қала тұрғындарына үрейге бой алдырмай, сақтық танытып, кез келген күмән тудыратын факт бойынша «102» нөміріне хабарласуды ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы