17 Қыркүйек 2025 2025, 08:42 Фото: pixabay

Петропавлда тұрғын үйден өрт шығып, 43 адам эвакуацияланды

Петропавл қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, ТЖМ қызметкерлері 43 адамды эвакуациялады.

Петропавл қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, ТЖМ қызметкерлері 43 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт Н.Назарбаев көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерден шыққан. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД бөлімшелері баспалдақ арқылы 42 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Сонымен қатар 1961 жылы туған ер адам құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Ол ауруханаға жатқызылды, - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына зарядтау құрылғысының қысқа тұйықталуы себеп болған.