Петропавлда тұрғын үйден өрт шығып, 24 адам қауіпсіз жерге көшірілді
20 тамызда сағат 06.46-да 101 телефонына Петропавл қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің 2 қабатынан түтін шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сағат 06.53-те құтқарушылар жетіп, пәтердің балконынан қатты түтін шыққаны анықталды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде 1928 жылғы ер адам өрт орнынан құтқарылды, сондай-ақ баспалдақпен 23 адам эвакуацияланды, делінген хабарламада.
Оқиға орнында 3 бірлік техника және жеке құрамнан 9 адам жұмыс істеп, өрт сағат 07.04-те сөндірілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысының әкімі ауыл аралап жүр
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы